Алаяқтық

Атырауда әкімдіктегі жиналыс кезінде полиция екі адамды ұстап әкетті

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Фархат ӘБІЛОВ

Атырау қалалық әкімдігінде өткен жиналыста полиция қызметкерлері екі адамды тұтқындады.

Олар көпқабатты үйлерді салу үшін тұрғындардан қомақты ақша алған, деп хабарлайды Экспресс К.

Атырау қаласы әкімідігінде 150-ден астам адам жиналып, "Жібек жолы" тұрғын үй құрылыс кооперативінен ақшаларын қайтаруды сұрады. Осыған дейін тұрғындар бұл компанияға миллиондарын өз қолдарымен санап беріп, баспаналы болуды күткен. Алайда компания тұрғын үйдің құрылысын әлі күнге созып келеді.

Мен 12 млн теңге санап бердім. Алайда пәтерім әлі жоқ. Мерзімін неше рет кейінге қалдыруға болады? Мен алданып қалдым. Одан да үстіне тағы да ақша қосып, басқа компаниядан үй алғаным дұрыс еді,

— дейді үлескер.

Компания бір пәтерді екі адамға сатқан болып шықты. Осылайша халықтың ақшасын жинап, үй құрылысын бітірмей жүр. Бірақ әлеуметтік желіде түрлі акциялар жариялап, әлі де пәтерлерді сатып жатыр.

Бұл компания бойынша 70-тен астам арыз түсті. Тұрғындар көрсеткен банктегі шоттарды тексергенімізде, ішінде ақша болмай шықты. Полицияға арыз түсірсеңіздер болады,

— дейді ПД Тергеу басқармасының бастығы Нұрмұхамед Мүтәлиев.

Атырау қалалық әкімдігінің мәліметінше, компания үйдің жобасын бекітпеген, рұқсат алмаған. Ал шенеуніктер компанияны тексерген кезде заң бұзушылықтарды анықтап, айыппұл салумен шектелген.

Сонда қала әкімдігі ай қарап отыр ма? Жеті қабатты үлкен үй салынып жатқанда неге назар аудармайды? Неге айыппұл салғанда, компанияның жұмысын тоқтатпайды? Содан бері қаншама адам зардап шекті. Жұрт әлі де алданып жатыр,

— дейді үлескерлер.

Жиналыс біткеннен кейін компанияның екі өкілі ұсталып, уақытша ұстау қапасына қамалды. Қылмыстық іс қозғалады. Ал компания өкілдері өз кінәларын мойындамай отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров