Шоу-бизнес

"Жамандай алмаймын". Қайрат Нұртастың жары Жұлдызға жиі ақша ұсынатындар бар

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова жеке өмірінің "хайпқа" айналғанын қаламайды екен.

Сондықтан болар, ол желіде тараған неше түрлі қаңқу сөздерге жауап бергісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficialinstagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Танымал актрисаның айтуынша, ол тіпті ақылы сұхбаттардан да бас тартқан. Себебі, Жұлдыздың отбасын жамандағысы жоқ.

instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficialinstagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

"Отбасыңды, жұмысыңды, құдаңды жамандағаныңмен, ешкім өзінің жақсысын саған әкеп бермейді. Онда ол не үшін керек? "Хайыптау", "айыптау" да менікі емес. 1045 түрлі арнаның журналистері хабарласып, "ақылы" сұхбатқа шақырды. Мен олардың барлығынан бас тарттым. Сұрақ шыққан жерден, жауап та шығатыны анық. Әркімге барып ақтарылып, ақыл сұрау маған жат", — дейді актриса.

instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficialinstagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Дәл қазір Жұлдыз үшін балаларының амандығы маңызды екен.

instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficialinstagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Мен үшін балаларымның бақытынан асқан таңдау жоқ. Сіздердің пікірлеріңізді сыйлаймын. Оған түсіністікпен қараймын,

— дейді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Экспресс К бұған дейін Қайрат Нұртас інісінің тойында жары Жұлдызбен татуласқанын жазды. Осыдан бір жыл бұрын олардың бірге тұрмайтынын әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова растаған еді. Ал Жұлдыз өзін Айдарбековтер әулетіндегі өзге келіндермен салыстыру орынсыз екенін жеткізді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров