Спорт

Жат елде жүріп жарқыраған ұлты қазақ спортшылар туралы не білеміз?

Есен ҮРКІМБАЙ

Коллаж ЭК

Қазақстанда туып, кейін тағдыр соқпағымен дүниенің әр бұрышына аттанып спортта табысқа жеткен қазақ спортшылары жетерлік. Аумалы-төкпелі заманда ата-бабасы сыртқа жер ауып, жырақта туған этникалық қазақтардың арасында да оза шауып, спортта олжа салғандар бар.

Экспресс К тілшісі өзге мемлекеттің туын көтеріп, спортта айтулы табыстарға жеткен қазақтарға шолу жасап көрді.

Бақыт Однайұлы

Бақыт Однайұлы даңқты балуан Әбілсейіт Айхановпен (оң жақта) egemen.kzБақыт Однайұлы даңқты балуан Әбілсейіт Айхановпен (оң жақта) egemen.kz
Бақыт Однайұлы даңқты балуан Әбілсейіт Айхановпен (оң жақта) egemen.kz

Еркін күрестен Моңғолияның төрт дүркін чемпионы атанған Бақыт Однайұлы 1954 жылы Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. Өзінің айтуынша, оның аталары ежелгі қазақ қонысы — Баян-Өлгейге ХІХ ғасырда қоныс аударған.

Ұлты қазақ балуан 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында аса ауыр салмақта күресті. Әлем кубогында қола жүлде иеленіп, көптеген халықаралық жарыстарда топ жарды.

Бақыт Однайұлы соңғы жылдары қазақша күрестен моңғол балуандарын жаттықтырып жүр. Ол дзюдодан Бейжің Олимпиадасының чемпионы және Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Тувшинбаяр Найданды қазақша күреске баптап, 2000 жылдардың басында Алматыда өткен Азия чемпионатына әкелген. 2014 жылы Таразда өткен "Еуразия барысы" халықаралық турнирінде шәкірттері командалық есеп бойынша жеңімпаз атанды.

Нұрхан Сүлейменоғлы (Сүлейменов)

Нұрхан Сүлейменоғлы (оң жақта)Нұрхан Сүлейменоғлы (оң жақта)
Нұрхан Сүлейменоғлы (оң жақта)

1971 жылы Түркістан облысында дүниеге келген Нұрхан Сүлейменоғлы бокспен бала кезінен айналысқан. Жиырмадан енді асқан шағында Қазақстан егемендігін жариялағанда ұлттық құрама мүшесі болған ол халықаралық жарыстарға қатыса бастады.

Тоқсаныншы жылдардың басында Түркиядағы кезекті турнирде көзге түскен қазақ боксшысына түріктер қызығып, ұсыныс айтады. Оларға келісім берген Нұрхан Түркия азаматтығын алып, халықаралық жарыстарда Сүлейменоғлы деген текпен сынға түсе бастады.

Оның шаршы алаңдағы даңғыл жолы өте сәтті басталды. 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырық түйістірген қазақ жерінің тумасы 1993 жылы өз салмағында кәрі құрлық — Еуропаның чемпионы атанды. 1995 жылы әлем чемпионатында финалға шығып, күміс жүлдені еншіледі.

Нұрхан ұлты қазақ боксшылар арасында әлем чемпионатының финалына шыққан үшінші спортшы саналады. 1996 жылы Атланта Олимпиадасында алғашқы қарсыласын жеңгенімен, екінші айналымда Куба боксшысына есе жіберіп алды. Дегенмен 1996 және 1998 жылдары өткен Еуропа біріншіліктерінде екі рет финалға шығып, күміс жүлдені иеленді.

Ол 1997-1999 жылдары өткен әлем біріншілігіне және 2000 жылы Сидней өткен Олимпиада Ойындарына қатысты. Өкінішке қарай, оның жолы сол сындарда келте болды.

Марат Гарипов

Марат Гарипов / ©Tony ROTUNDOМарат Гарипов / ©Tony ROTUNDO
Марат Гарипов / ©Tony ROTUNDO

Алматының тумасы Марат Гарипов — грек-рим күресінің өкілі. 1984 жылы туған ол ұзақ жылдар бойы ҚР ұлттық құрамасының мүшесі бола жүріп әлем кубогы және Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2010 жылы Бразилия азаматтығын алып, сол елдің намысын қорғауға бел буған.

Бірақ Мараттың Бразилияға баруы аса сәтті бола қоймады. 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарынан жарақатына байланысты тыс қалса, 2021 жылы Токиоға жолы түспеді.

Десе де, ол көптеген әлем чемпионаттарына қатысты. 2018 және 2021 жылдары Панамерика чемпионатында екі рет қола жүлде иеленді.

Талғат Ілиясов

Талғат Ілиясов / ©Getty Images/Alex LiveseyТалғат Ілиясов / ©Getty Images/Alex Livesey
Талғат Ілиясов / ©Getty Images/Alex Livesey

Өзбекстанда 1981 жылы туған этникалық қазақ Талғат Ілиясов он төрт жасынан бері еркін күреспен айналысады. 1997 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. 1999 жылы Австралияда өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде жүлдеден тыс қалып, жарысты төртінші орынмен аяқтады.

2000 жылдардың басында Австралияның спорт басшыларының шақыруымен құрғақ құрлыққа қоныс аударған оны бүгінде сол елдегі еркін күреспен айналысатын санаулы балуанның қатарында деуге болады.

Талғат Австралия атынан бірнеше рет әлем чемпионатына, 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарына қатысты. Алайда жарақат алуына байланысты жарысты ерте аяқтады. Оның Қазақстан азаматтығын алған қарындасы қазір Алматыда тұрады.

Елмұрат Тасмұратов

Елмұрат әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Алмат Кебіспаевпен күресуде, Будапешт-2013 / © Tony ROTUNDOЕлмұрат әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Алмат Кебіспаевпен күресуде, Будапешт-2013 / © Tony ROTUNDO
Елмұрат әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Алмат Кебіспаевпен күресуде, Будапешт-2013 / © Tony ROTUNDO

Грек-рим күресінен Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Елмұрат Тасмұратов 1991 жылы Өзбекстанның Ташкент облысындағы Бостандық ауданында туған.

Ол Түркістан облысындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт мектебін тәмамдаған. Алайда кейін Өзбекстанға оралған ол әлем чемпионатынан бір күміс, екі қола медаль иеленді. Азия чемпионатының финалына 7 рет шығып, бесеуінде жеңімпаз атанған.

Елмұрат Рио Олимпиадасында 59 келіге дейінгі салмақта қола жүлде иеленсе, Токиода жарақатына байланысты бірінші кезеңде жеңіліп қалды.

Уәлихан Серікұлы

Уәлихан Серікұлы / © Tony ROTUNDOУәлихан Серікұлы / © Tony ROTUNDO
Уәлихан Серікұлы / © Tony ROTUNDO

Уәлихан Серікұлы 1992 жылы Қытайдағы Ұйғыр-Шыңжаң автономиялық аймағында дүниеге келген. Грек-рим күресімен жастайынан айналысып, айтулы табыстарға қол жеткізді.

2018 жылы Будапеште өткен әлем біріншілігінде 60 келіде қола жүлде иеленсе, Токиода өткен төртжылдықтың басты ойындарында сол жетістігін қайталады.

Айдын Смағұлов

Айдын Смағұлов (оң жақтан бірінші тұр) Сидней Олимпиаадсының жеңіс тұғырындаАйдын Смағұлов (оң жақтан бірінші тұр) Сидней Олимпиаадсының жеңіс тұғырында
Айдын Смағұлов (оң жақтан бірінші тұр) Сидней Олимпиаадсының жеңіс тұғырында

Айдын Смағұлов 1976 жылы Алматы облысының Алакөл ауданында дүниеге келген. Бастапқыда самбомен айналысқан ол 1996 жылдан бастап дзюдоға ауысты. Ол Қазақстан құрамасындағы бәсекелестіктен кейін Қырғызстан атынан сынға түсуге бел буды. Сөйтіп, 60 келіде Сидней олимпиадасына аттанған Айдын Смағұлов үшінші орын алып, егемен қырғыз елінің тарихындағы алғашқы Олимпиада жүлдесін алған спортшы атанды.

Ол өзінің Сиднейде жүлде аламын деген ойына ешқашан келмегенін бұған дейінгі сұхбаттарында айтқан.

"1996 жылы Атланта олимпиадасы кезінде дзюдодан өткен белдесулерді теледидардан тамашаладым. Ауылда нардың үстінде ағам екеуіміз 60 келіде моңғол балуанының қола жүлде үшін күресіп, жеңіске жеткен сәтіне куә болдық. Сондағы моңғол балуанының қуанышын айтып жеткізу мүмкін емес. Жүзі бал-бұл жанып, қатты секірді. Бұл көрініс көз алдымда ұмытылмастай болып жатталып қалды. Сол сәтте "шіркін мен де осылай күрессем ғой" дедім. Оны естіген ағам: "Дайындалсаң сен де жүлде аласың. Тіпті Олимпиадада бұдан да жоғары көрсеткішке қол жеткізуің мүмкін" деді де қойды", — дейді Айдын.

Осылайша дзюдоға ауысқан төрт жылда ол Олимпиада жүлдесіне ие болған.

Тоқтарбек Таңатқанұлы

Тоқтарбек Таңатқанұлы / ©Getty Images/Simon BRUTYТоқтарбек Таңатқанұлы / ©Getty Images/Simon BRUTY
Тоқтарбек Таңатқанұлы / ©Getty Images/Simon BRUTY

Қытайдағы қандасымыз Тоқтарбек Таңатқанұлы Шыңжаң өңірінде 1996 жылы туған. 75 келі салмақ дәрежесінде көптеген халықаралық жарыстарда жүлде алған ол қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұлмен талай рет жеңіс тұғырында қатар тұрды. Шыңжаң бокс мектебінің өкілі Йорданияда өткен олимпиадалық жолдама турнирінде жүлдеге ілінді. Өкінішке қарай, ол Токио олимпиадасына іріктеу кезеңінде жарыс жолынан шығып қалды.

Қанат Ислам

Қанат Ислам / Бақыт Сәрсекбаев / Бейжің Олимпиадасының жеңіс тұғырында тұрҚанат Ислам / Бақыт Сәрсекбаев / Бейжің Олимпиадасының жеңіс тұғырында тұр
Қанат Ислам / Бақыт Сәрсекбаев / Бейжің Олимпиадасының жеңіс тұғырында тұр

Қытайдың Алтай аймағында туып, ұзақ жылдар бойы сол елдің ұлттық құрамасында өнер көрсеткен Қанат Исламды білмейтін қазақ кемде-кем. Ол кәсіпқой бокстан Қазақстан атынан шыққанымен, әуесқой бокста Қытай атынан шығып, Олимпиада жүлдесін иелеген.

Қанат Ислам Афин және Бейжің Олимпиадаларына қатысып, соңғысында қола медаль иеленді. Азия Ойындары мен чемпионатында және әлем біріншілігінде Бақыт Сәрсекбаевпен жолы түйіскен. Екі рет есе жіберіп, әлем біріншігілінде басым түсті.

Биыл 38 жасқа келетін Қанат Ислам Бейжің олимпиадасында жүлде алғаннан кейін "Астана арландары" жартылай кәсіпқой бокс клубының қатарында өнер көрсетті.

Елнұр Әбдірайымов

Елнұр Әбдірайымов / ©Getty Image/Luis ROBAYAЕлнұр Әбдірайымов / ©Getty Image/Luis ROBAYA
Елнұр Әбдірайымов / ©Getty Image/Luis ROBAYA

Елнұр Әбдірайымов 1994 жылы Ташкент облысының Бостандық ауданында туған. Бокспен жастайынан айналысқан ол Рио Олимпиадасына жолдама иеленгенімен, Өзбекстан тарапы оны төртжылдықтың басты жарысына апармады.

Елнұр 2015 жылы Катар астанасы Дохада өткен әлем біріншілігінде қола жүлде иеленіп, Риоға жолдама беретін сында болашақ Олимпиада чемпионы Робсон Консейсаоны ұтқан. 2015 жылы Азия біріншілігінен қола жүлде алып, араға екі жыл салып Ташкентте туы желбіреген сары құрлық чемпионатында жеңімпаз атанды. Токио Олимпиадасына қатысқан ұлты қазақ боксшы ширек финалға дейін жеткенімен, жартылай финалға шыға алмады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров