Newscorr

Newscorr: Қарағанды облысында тас жолды су шайып кетті

Экспресс К

Видеодан кадр

Қарағанды облысында тас жолды еріген қар суы шайып кеткен. Әлеуметтік желідегі жұрт бұл жағдай республикалық маңыздағы Қарағанды-Жезқазған бағытында болған деп отыр.

Бірақ бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға жолданған видеода еріген қар мен толассыз жауған жаңбырдан жиылған су асфальт жолдың әжептеуір бөлігін бұзып кеткен. Ары-бері өте алмай тұрған автокөліктер мен адамдар да байқалады. Ал әлеуметтік желілерде бұл аумақ Қарағанды-Жезқазған тас жолы деп көрсетілген.

Экспресс К тілшілеріне түсініктеме берген "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ Қарағанды облыстық филиалының директоры Сырым Хамзин бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қарағанды-Павлодар-Успенка тас жолының Қарағанды-Жезқазған учаскесінде мұндай төтенше жағдай болмаған. Яғни автокөліктердің өтуіне еш кедергі жоқ.

Ал видеодағы тас жолдың бүлінген бөлігі Абай ауданының аумағында екен. Бұл жолдардағы төтенше жағдайды реттеу жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне қарайды.

Қазір бұл аумақтағы тұрғындарға тасқыннан еш қауіп жоқ. Жергілікті төтенше жағдайлар мекемелері апат болған аумаққа күндіз-түні тұратын күзет қойған.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

"Экспресс К" порталының жаңалықтарын Aitu арнасынан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров