Педофил

Түркістан облысында жүк көлігінің жүргізушісі жолаушы қызды зорлаған

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

elements.envato.com

Педофил Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды.

36 жастағы ер кісі арам пиғылын көлік ішінде жүзеге асырған, деп хабарлайды Экспресс К.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кезекті педофилге қатысты үкім шықты.

Оқиға былай болған. Жүк көлігін тізгіндеген ер азамат Жетісай қаласына бара жатыпты. Жол бойында қол көтеріп тұрған кәмелет жасына толмаған қызды көріп, оны мінгізіп алады. Ал жолда арам ой туындап, кенеттен көлікті тоқтатады. Жасөспірімнің дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолданған. Зорлық зомбылық әрекеттер жасаған.

Осы оқиғадан кейін қызды діттеген жеріне жеткізіп салған. Жасөспірім үйіне келген соң өз-өзіне қол салмақ болыпты. Туыстары онысын дер кезінде байқап қалған.

Түркістан облыстық сотының мәліметінше, педофилге Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы, 121-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы және 105-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылған. Атап айтқанда, олар — зорлау, кәмелет жасына толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері және өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу.

Сот отырысында прокурор судьядан айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Сот үкімі бойынша сотталушының кінәсі дәлелденді. Оған Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы және 121-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы бойынша 15 жылға, ал 105-баптың 3-бөлігімен 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейтін болады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ" делінген облыстық сот берген ақпаратта.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров