Зейнетақы

Зейнетақыдан кейін айыппұл мен салық та өсетін болды

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Қаржы министрлігі "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер енгізбек.

Министрлік жаңа өзгерістерді Мәжіліс депутаттарына ұсынды, деп хабарлайды Экспресс К.

Сонымен 2022 жылғы 1 сәуірден бастап төлемдер келесідей болады:

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 20191 теңге (1 қаңтарда 19 450 теңге еді);

зейнетақының ең төменгі мөлшері — 48032 теңге (1 қаңтарда 46 302 теңге еді);

жәрдемақы мен өзге де әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеуге арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 3180 теңге (1 қаңтрада 3063 теңге еді);

базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеуге арнғалған ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң мөлшері — 37389 теңге (1 қаңтарда 36018 теңге еді).

Аталмыш өзгерістерге қатысты құжат 21 сәуірге дейін "Ашық НҚА" сайтында талқыланады.

Бұған дейін 1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақы 4 пайызға өсетіні хабарланған еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров