Newscorr

Newscorr: Алматының қақ ортасында автокөлік өртеніп кетті

Экспресс К

Видеодан кадр

Бүгін Алматы қаласының орталық көшелерінің бірінде жеңіл автокөліктен өрт шықты. Бірақ өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп үлгермеген.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Экспресс К.

Newscorr-ға бейнежазба жолдаған тұрғындардың айтуынша, көліктегі қызыл жалынды көпшілік өздері өшірген. Өйткені олар өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың келуін күтіп тұруды жөн көрмепті.

Newscorr-ға жолданған бейнежазбадан өртеніп жатқан жеңіл автокөліктің маңына келіп тоқтаған автобустан шыққан жолаушылардың қолдарында бар суларын ұсынып жатқанын көріге болады. Оған қоса өрт сөндіргіш құралдары бар жеңіл автокөлік жүргізушілері де өз еркімен көмекке келген. Ақырында көп болып жабылып жүріп, тұтанған өртті арнайы мамандар келгенше сөндіріп алды.

Қазір анықталғандай, оқиға орнында зардап шеккендер мен күйік шалып, жарақат алғандар жоқ.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров