Полиция

"Түсіріп тұрсың ба, мал?" Боқтық сөзді қарша боратқан полицейлер елді шошытты

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеодан кадр

Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі патрульдік полиция қызметкерлерінің жаға ұстатарлық әрекетінің бейнежазбасы тарады.

Онда тәртіп сақшыларының өздерін видеоға түсіріп тұрған жігітке ауыздарына келгенін айтып, көліктеріне мініп кеткені көрсетіледі, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазба желі қолданушыларының жағасын ұстатты. Онда өзінің есімін Құралбек деп таныстырған жігітке тәртіп сақшылары бейпіл сөздерді жаудырады.

Видеоны Facebook-те жария еткен автор "Шымкентте. Пара бермесең, осылай..." деп жазған.

"Өмір мұнымен тоқтап қалмайды. "Давай, до свидания...", "**ыңды шығарамын. Камераңа түсіріп тұрсың ба, мал?... "Жәлепсің" на х*й... Өмір алда, уайымдама! Өмір бақи камераң қасыңда жүрмейді. Мен саған "конкретно" айтамын, түсіндің бе?", — дейді полицейлер.

Тәртіп сақшылары мемлекеттік нөмірі KZ 0122 17 қызметтік көлігіне отырады.

Погондылар жас жігітті не үшін тоқтатқаны, олардың неге келісе алмағаны белгісіз.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары полицейлердің бұл әрекеті ішкі істер органдарына сын екенін, дәл осындай қызметкерлер министрді ұятқа қалдыратынын айтқан. Және де аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып тұрған полицейдің жұмыстан кетуін талап етті.

Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілер бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді.

"Бейнежазбада көрсетілген жайт 2021 жылдың 29 қазанында болған. Бұл бойынша патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізілген. Қызметкерлердің әрқайсысына жеке дара "қатаң сөгіс" тәртіптік шарасы қолданылды", — деді ведомстводағылар.

Экспресс К бұған дейін Шымкенттегі ПД баспасөз қызметі жетекшісінің дауысы делінген аудиожазба туралы жазды. Онда да бейпіл сөздерді кездестіруге болады.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров