Министр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Осыған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған Серік Шапкеновтің Атырау облысына әкім болып кеткені мәлім.

Ал еңбек пен әлеумет сияқты жауапты салаға Тамара Дүйсенова қайтып келді, деп хабарлайды Экспресс К.

Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің жаңа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Тамара Дүйсенова тағайындалды. Осылайша ол бұл қызметке үшінші рет келіп отыр. Бұған дейін Дүйсенова Президенттің көмекшісі — Президент әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып істеген.

Тамара Дүйсенова / ҚР Президентінің баспасөз қызметіТамара Дүйсенова / ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Тамара Дүйсенова / ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова 1965 жылғы 11 қаңтарда Шымкент (қазіргі Түркістан) облысында дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы Ильич атындағы орта мектепте информатика негіздері және есептеу техникасы пәнінің мұғалімі ретінде бастады.

1988-1992 жылдары Өзбек КСР Мемлекеттік жоспары жанындағы Экономика және нормативтер ҒЗИ экономист болып қызмет етті.

1992-1993 жылдары — Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты экономика бөлімінің аға экономисі.

1993-1994 жылдары — "Перизат-холдинг" компаниясы ақпарат және маркетинг бөлімінің басшысы.

1994-1997 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары және бірінші орынбасары.

1997-1999 жылдары — Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

1999-2002 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2002-2006 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2006-2008 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2008-2013 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

2013 жылғы ақпан-маусым аралығында — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2013 жылғы маусым — 2014 жылғы тамыз айлары аралығында — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2014 жылдың тамызынан 2017 жылдың қаңтарына дейін — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.

2017 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың ақпанына дейін — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2018 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін — "Nur Otan" партиясының хатшысы.

2019 жылдың шілдесінен 2020 жылдың мамырына дейін — "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамының президенті.

2020 жылдың 5 мамырында Мемлекеттік басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Билікте осыған дейін болған барлық ауыс-түйіс туралы мына жерден оқуға болады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров