Пітір садақа

Мұрат Телібеков: "Пітір садақаны "Қазақстан Халқына" қорына аударуды қолдаймын"

Олжас НҰРЖАҚЫП

.facebook.com/murat.telibekov

Рамазан айы басталғалы пітір садақа мәселесі халық арасында талқыға түсті. Кей азаматтар мешітке апарудан гөрі сол ақшаны "Қазақстан Халқына" қорына аударуға шақырып жатыр.

Осы мәселе төңірегінде Экспресс К қоғам белсендісі, тіркелмеген Қазақстан мұсылмандары одағының басшысы Мұрат Телібековпен әңгімелесті.

Биыл Ораза айында берілетін пітір садақа мөлшері 500 теңге болып бекітілді. Десе де әлеуметтік желі арқылы аталған соманы мешітке емес, жаңа құрылған қорға аударайық деген ұсыныс айтушылар қатары көп. Олар сол арқылы мұқтаж адамдарға үлестірілер деген үмітте.

facebook.com

Осы ұсынысты Мұрат Телібеков те қолдап отыр. Бірақ бір талап сақталуы тиіс дейді.

facebook.com

"Пітір садақа — мұсылмандардың мұқтаждарға беретін зекеті. Әрине, бұл ақшаны мешітке апару міндетті емес. Әркімнің өз еркіне берілген. Имамдар өз кезегінде ақылын, бағыт-бағдарын беріп отырушы. Көбіне олар балалар үйіне, қарттар үйіне, көпбалалы аналарға беруге кеңес береді. Десе де, мен қазіргі қоғамдағы бұл зекетті қорға аударайық деген үндеуді қолдаймын. Тек бір талабым бар. Яғни, бұл баршаға жаппай міндеттелмеуі керек. Кейде азаматтар пітір садақаны міндетті түрде беруім керек деген оймен тек мешітке, имамдардың қолына әкеліп жатады. Бірақ меніңше, асықпай, ең мұқтаж адамдарға аударғаның абзал. Сол кезде оның құндылығы артады", — дейді ол.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров