Шоу-бизнес

Мейрамбек Беспаев пен Ғазизхан Шекербек АҚШ қазақтарын сан соқтырып кетті

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/gazizkhan

Қазақтың дүлділ әншісі Мейрамбек Беспаев пен Ғазизхан Шекербек АҚШ-та тұратын қазақтарды алдап кеткен.

Олар 3 сәуірде Орландо қаласында жоспарланған концерттеріне келмей қойған, деп хабарлайды Экспресс К.

instagram.com/gazizkhaninstagram.com/gazizkhan
instagram.com/gazizkhan

Бұл туралы Facebook парақшасында Айжан Хамит есімді қолданушы жазды. Оның айтуынша, Мейрамбек пен Ғазизханның хит әндерін тыңдау үшін қазақтар әр штаттан жиналған. Алайда концерт болатын күні қос әнші жоспарланған кешке келмей қойған. Сөйтіп, олардың қымбат ақшаға сатып алған билеттері күйіп кеткен.

"Мына жақта масқара болып жатыр. 3 сәуір күні Мейрамбек Беспаев пен Ғазизхан Шекербек АҚШ-тың Орландо қаласындағы қазақтарға концерт өткізбекші болған. Қазақтар мәз. Билет сатып алған қазақтар әр түрлі штаттан келген. Алайда екі жұлдыз концертке келген жоқ. Қазақтар телефон соқса, ойбай концерт па деп ештеңе білмегендей отыр. Екі ортада ұйымдастырушылар кінәлі болып қалды. Залдың ақшасын өз қалтасынан төлеуге мәжбүр. Жігіттер, мыналарың ұят енді. Мына жақта ерігіп жүрген адам жоқ. Барлығы жұмыс істеп ақша тауып Қазақстандағы туыстарын асырап жүр", — деп жазды Айжан Хамит.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров