Әкім

"Құтты болсын, жаным!" Облыстың жаңа әкімін бас дәрігер ерекше құттықтады

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Нұрлыбек Нәлібаев / Жақсылық Абдусаметов

Бүгін ғана Қызылорда облысының әкімі болып, тізгінді қолына алып жатқан Нұрлыбек Нәлібаевқа бағытталған құттықтаулар толастамай жатыр. Олардың ішінде №5 емхананың бас дәрігерінің құттықтауы көпшілікті күлкіге қарық қылды.

Бас дәрігер әлеуметтік желіде Нәлібаевтың қызметке орналасқаны туралы ақпараттың астына өзінің құттықтауын жазған, деп хабарлайды Экспресс К.

Емхана басшысы Жақсылық Әбдусәметов Нәлібаевтың облыс әкімі болғанына "Құтты болсын, жаным" деп жылы лебізін білдірген екен. Бұл жазба желі арқылы тарап, көпшілік оны күлкіге айналдырды.

facebook

"Мүмкін, жаным деген байқамай басылып кеткен шығар. Бірақ сонда да ойын айтыпты", "Еркек еркекке "жаным" деген қалай болады екен?"

— деп жазды пікір білдірушілер.

Бұған байланысты Экспресс К тілшісі № 5 емхананың бас дәрігеріне хабарласты. Ол бұл жерде техникалық қателік кеткен деп отыр.

Ол қате кетіп қалған ғой. Талқылайтын да ешнәрсе жоқ. Басқаша сөз басылып кеткен. Кейін өшірілді ғой ол,

— дейді Жақсылық Әбдусәметов.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров