Ғимарат

Алматыдағы Президент резиденциясын бұзуға 6 млрд теңге жұмсалмақ

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Қаңтар оқиғасының салдарын жоюға жалпы 37 миллиард теңге бөлінетін болды.

Бұл туралы Мәжілісте Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Алматыда және басқа өңірлерде зардап шеккен бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетуге 21 миллиард теңге бөлінеді. Жалпы шағын және орта бизнесті қолдауға 45 миллиард қажет. Бұған дейін Үкімет резервінен 24 миллиард теңге бөлінген еді,

— деді Савельева.

Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген әкімшілік, әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіруге 10 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл ретте нысандарды қалпына келтіруге жалпы 22 миллиард теңге қажет. Бұған дейін Үкіметтің резервінен осы мақсатқа 12 миллиард теңге бөлінген болатын.

Алматы қаласында Президент резиденциясының ғимаратын бұзу үшін 6 миллиард теңге бөлу жоспарланған,

— деді вице-министр.

Біз бұған дейін Алматыдағы Президент резиденциясы сүріліп, оның орнына не салынатынын жазған едік.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров