Newscorr

Newscorr: Алматыда тұрғын үй отқа оранды

Экспресс К

Видеодан кадр

Мақатаев пен Абылай хан көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үйден өрт шықты. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Бейнежазба Экспресс К порталының Newscorr қызметіне келіп түсті.

Видеодан ғимараттың шатырынан будақтаған қою қара түтінді көруге болады.

ЭК аталған жайт бойынша Алматы қалалық Төтенше жағдай департаментіне сұрау салды. ТЖД өрт сөндірушілердің оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын айтты.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров