Президент

Бағдат Мусин: "140 ауылда интернет сапасы жақсартылады"

Экспресс К

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қабылдады.

Министр цифрландыру және IT саласының даму перспективалары жөнінде, сондай-ақ телекоммуникация бағытындағы жұмыстың сапасын арттыру туралы баяндады, деп хабарлайды Экспресс К Ақордаға сілтеме жасап.

Адам мүддесіне қызмет ететін сервистерді енгізу аясында ең қажетті деген 18 құжат жеке деректерді қорғау шараларын сақтай отырып, платформаны танымал ету арқылы цифрлық форматқа ауыстырылды,

— деді Бағдат Мусин.

Сондай-ақ, былтыр 628 елді мекенде интернет сапасы жақсартылса, биыл тағы да 140 ауылда осындай жұмыстар жүргізілмек.

Министр мобильді операторлардың Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G технологиясының сынақтан сәтті өткізілгені атап өтті. 2022 жылы республикалық маңызы бар қалаларда коммерциялық мақсатта іске қосу жоспарланып отыр.

"Қазақтелеком" акционерлік қоғамының компаниялар тобын монополиядан арылту жұмыстары жүргізіледі.

IT саласын дамытуға баса мән берілді. Astana Hub технопаркінің жұмысы, соның ішінде шетелдік IT компанияларды Қазақстанға әкелу туралы баяндалды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров