БҰҰ

БҰҰ Адам құқықтары кеңесіндегі Ресейдің мүшелігін тоқтатты

Экспресс К

© BBC

БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинамен соғысқа байланысты Адам құқықтары кеңесіндегі Ресейдің мүшелігін тоқтатты.

Бас Ассамблеяның, егер Кеңес мүшелерінің бірі адам құқықтарын өрескел және жүйелі түрде бұзатын болса, оның құқықтары мен артықшылықтарын тоқтатуға құқығы бар, деп хабарлайды Экспресс К BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Қатысушылардың 93-і Ресейді алып тастауға дауыс берсе, 24-і бұл шешімге қарсы екендерін айтты. Қалған 58 қатысушы бейтарап пікірде қалуды жөн көрді.

БАҚ Буча қаласындағы бейбіт тұрғындардың жаппай қырылғанын мәлімдеген соң, АҚШ Ресейдің Адам құқықтары кеңесіндегі өкілдігін тоқтатуды ұсынды.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Ресей өзінің Кеңестегі өкілдігін тоқтату туралы ұсынысты қолдаған және бейтарап пікірде қалған елдермен достық қарым-қатынастың бұзылатынын ескертті.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров