Әзірбайжан

Армения мен Әзірбайжан бейбіт келісімге келуге ниетті

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель Армения мен Әзірбайжан басшылары екі ел арасында бейбіт келісім жасауға келіскенін мәлімдеді.

Еуропалық кеңестің жиыны 7 сәуірге қараған түні Брюссель қаласында өтті, деп хабарлайды Экспресс К BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян бітімгершілік келісім жасауға ниет білдіріп, оған дайындықты Сыртқы істер министрлеріне тапсырды,

— делінген хабарламада.

Әзірбайжан мен Армения қос тарап шекарасын межелеу және бүкіл аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірлескен шекара комиссиясын құруға келісті. Бұл мәселе сәуір айының соңына дейін шешімін табады деп жоспарлануда.

Әзірбайжанның Сыртқы істер министрлігі бейбіт келіссөздерді бастауға дайындық жүріп жатқанын жариялады. Сондай-ақ, ол бітімгершілік келісім Әзірбайжан ұсынған қағидаттарға негізделетінін мәлімдеді.

Пашинян мен Әлиев Армения мен Әзірбайжан арасындағы көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру мәселесін де талқылады. Еуропалық кеңес басшысы темір жолды қалпына келтіру қадамдарын құптады: ол сондай-ақ екі ел басшыларын коммуникацияларды қалпына келтірудің тиімді жолын табуға шақырды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров