Шәмша Беркімбаева

Бұрынғы Білім және ғылым министрі Шәмша Беркімбаева өмірден озды

Экспресс К

Шәмша Беркімбаева

Қоғам қайраткері, ғалым, тіл жанашыры Шәмша Беркімбаева 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Бұл туралы "Qazaqstan"Ұлттық телеарнасы Facebook-тегі парақшасынада жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Шәмша Беркімбаева 1942 жылы 10 қазанда Алматы облысының Қаскелең ауданында дүниеге келген. 1966 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика институтының тіл және әдебиет факультетін, 1981 жылы Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің қоғамдық ғылым академиясын тәмамдады.

Еңбек жолы 1966 жылыТұрар Рысқұлов ауылының Киров атындағы сегіз жылдық мектебінде басталып, орыс тіл мен әдебиеті пәнінен сабақ берді.

1968-1970 жылдары аралығында Алматы кооператив техникумының комсомол комитетінің хатшысы, 1970-1971 жылдары Алматы облыстық ЛКЖО комитетінде бөлім бастығы, 1971-1973 жылдары Қаскелен аудандық комсомол комитетінің хатшысы, 1973-1977 жылдары Алматы облыстық комсомол комитетінің бірнші хатшысы болды.

1977 жылы қыркүйек айында Алматы қалалық, Совет аудандық Коммунистік партиясының бірнші хатшысы, 1982 жылдың қазан айында Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы болды. 1987-1989 жылдары Алматы қаласының №12 орта мектебінің директоры лауазымында болды.

1989-1997 жылдары ҚР Білім министрлігінің орынбасары, 1997-1998 жылдары Қырғыз Республикасындағы Қазақстан Республикасыньң елшілігінің бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1998-1999 жылдары Алматы облыстық Оқу бөлімінің бастығы, 1999-2000 жылдары ҚР Парламенті сенатының депутаты болды. 2002-2003 жылдар аралығында ҚР Ғылым және білім министрі болып тағайындалды.

2003 жылдың маусым айынан 2011 жылдың тамыз айына дейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының ректоры болды.

Шәмша Беркімбаева — Халықаралық педагогикалық Білім академиясының академигі, "ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері", "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" белгілерінің иегері.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров