Жүргізуші

Елордада полициядан қашқан мас жүргізуші қызметтік көлікті зақымдады

Экспресс К

Видеодан кадр

Тәртіп сақшылары мас күйде рөлге отырған жүргізушіні қуып жүріп ұстады.

Патрульдік полиция 7 сәуір күні таңғы сағат 04:00 шамасында мемлекеттік нөмірсіз жүрген көлікті байқады, деп хабарлайды Экспресс К Нұр-Сұлтан қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші өзін тоқтатпақ болған полицияның ескертуін елемей, ізін жасырмақ болды. Полициядан қашып құтылмақ оймен ол шағын аудандардардың біріне бұрылып кетті.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушының жолын кесуге тырысқан. Алайда ол қызметтік көлікті зақымдады. Кейін құқық қорғау органдарының қызметкері жүргізуші көлігінің дөңгелектеріне оқ атты.

Мас күйде рөлге отырып, жол ережелерін бұзған 21 жастағы жігіт ұсталды.

Тексеру барысында көлік салонынан Ресейде есепке алынған мемлекеттік тіркеу нөмірі табылды. Құқық бұзушы бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды,

— делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров