Іздестіру
Жаңаөзенде жоғалып кеткен екі жасөспірім қыз табылды


ПД баспасөз қызметі
Фарида Чындышова мен Тілектес Жолдасованы іздестіру жұмыстары бір аптаға созылды.
29 наурыз күні үйден шығып, із-түссіз жоғалып кеткен қыздар табылды, деп хабарлайды Экспресс К Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Фарида Чындышова мен Тілектес Жолдасова осы уақытқа дейін Ақтауда болған. Екеуі де Жаңаөзен қалалық полицияның тірек пунктіне өздері келді. Олардың қазіргі жағдайы жақсы. Түсіндірме жұмыстары жүргізілгеннен кейін ата-анасына табысталады,
Бұған дейін Экспресс К Жаңаөзенде екі қыздың жоғалып, табылмай жатқанын жазған болатын.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу