Тараздағы дәмханада оқ атып халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Экспресс К

Видеодан кадр

Алматы қаласының тәртіп сақшылары Тараздағы қала кафелерінің бірінде оқ атқан ер адамды қолға түсірді. Іздестіру жұмыстары бір жарым айға созылды.

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Алматыда ұсталды, деп хабарлайды Экспресс К Жамбыл облыстық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, биыл 25 ақпанда Тараздағы дәмханалардың бірінде атыс болып, екі адам жараланды.

ҚК 24-бабы, 3-бөлімі, 99-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыс жасады деген күдікпен 36 жастағы Тараз қаласының тұрғынына іздеу жарияланды. Жедел-іздестіру шаралары барысында оның қайда екені анықталып, күдікті Алматы қаласында ұсталды,

— делінген хабарламада.

Күдікті өз кінәсін мойындап, Тараздағы тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров