СІМ: Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайды


ҚР СІМ баспасөз қызметі
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді сұхбатында Қазақстанның Ресейге қарсы санкцияларға көзқарасы туралы айтты.
Қазақстан Ресей Федерациясына қарсы санкциялық қысымға қосылмайды, деп хабарлайды Экспресс К "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.
Сыртқы істер министрі сұхбатында Ресей мен Қазақстан құқықтық жағынан да, саяси жағынан да одақтас әрі стратегиялық серіктес екенін атап өтті. Украинаға келетін болсақ, соғыс аяқталғаннан кейін Қазақстан онымен өзара тиімді ынтымақтастықты тезірек қалпына келтіруге мүдделі.
Келіссөздер соғыстың тоқтауына, Донбасстың мәртебесін анықтауға және санкциялық қысымды жоюға септігін тигізеді деп сенеміз,
Ол Қазақстан Ресей Федерациясына қарсы санкциялық қысымға қосылмайтынын және Ресейдің мүдделеріне нұқсан келтіріп, серіктестікке қайшы келетін қадамға бармайтынын айтты.
Біздің еліміз санкцияларды мемлекетаралық қарым-қатынаста қысым көрсету құралы ретінде қолдануға қарсы. Халықаралық даулар мен қақтығыстарды қандай да бір экономикалық немесе саяси санкциялар арқылы шешуге болмайды,
Десе де Қазақстан ДСҰ мен ЕЭО-тың мүшесі бола отырып, Ресеймен де, басқа елдермен де сауда-саттықты жалғастыра береді.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу