Алматыда есірткі сататын 450 сайт бұғатталды


ПД баспасөз қызметі
Алматы полициясы есірткіні жарнамалайтын 450 сайттың жұмысын шектеді.
Алматы қалалық ПД басшысы 380 келі есірткі, оның ішінде 15 келі синтетикалық есірткі тәркіленіп, заңсыз айналымға жіберілмегенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық порталы жазды.
"Біз синтетикалық есірткілерді шығаратын үш есірткі зертханасын жойдық. Интернет-ресурстар арқылы синтетикалық есірткіні дайындау және сатумен айналысқан есірткі бизнесі саласындағы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетінің жолы кесілді. Биыл жылдың басынан бері тағы бір есірткі зертханасын анықтадық, онда 150 миллион теңгенің есірткі шикізаты тәркіленді", — дейді Алматы ПД басшысы Қанат Таймерденов.
Оқи отырыңыз:
Есірткіні жарналап қана қоймай, оны сатқан 450 интернет-сайт өз жұмысын тоқтатты.
Сонымен қатар, қаланың оқу орындарында да есірткіге қарсы тақырыптар бойынша 260 профилактикалық іс-шара жүргізілді. Осы жылы да бұл бағыттағы барлық іс-шаралар жалғасын табады және ерекше бақылауда болады,
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.