GGG
Головкин мен Мурата жекпе-жек алдында салмақ өлшеді


9 сәуір күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізеді. Қос спортшы салмақ өлшеу рәсімінен өтті.
Головкиннің 40 жасындағы бұл тұңғыш кездесуі болмақ, деп хабарлайды Экспресс К.


instagram.com/gggboxing
Геннадий Головкин мен Риота Мурата кездесуіне 1 күн қалды. Олар ертең Астана уақытымен сағат 15:00 шаршы алаңға шығады. Салмақ өлшеу рәсімінен қос спортшы да сүрінбей өтті. Екеуі де орта салмақ лимитін (160 фунт немесе 72,5 келі) орындаған.
Оқи отырыңыз:
Сайтама қаласында өтетін жекпе-жек 200-ден астам елде тікелей эфир арқылы көрсетіледі. 40 жастағы Головкин үшін бұл кездесудің орны ерекше. Өйткені ол Муратаны жеңсе, "Канелоға" бір табан жақындайды.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу