Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталды

Олжас НҰРЖАҚЫП

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ-мен бірлесіп, өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Павлодар облысы бойынша облыстық полиция Департаменті бастығының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстады. Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді", делінген ақпаратта.

Аталған жайтты ішкі істер министрлігі де растап отыр. Қазір қылмыстық кодекстің 189 бабы 4 бөлігі (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров