Президент

Президент пен Елбасының қызметін қамтамасыз етуге қанша бөлінетіні анықталды

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қаржы министрлігі "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер енгізуді көздеп отыр.

Құжатта мемлекет башсысы және басқа да органдардың жұмысын қамтамасыз етуге бөлінетін қаржының көлемі көрсетілген, деп хабарлайды Экспресс К.

Президент әкімшілігінің жұмысына биыл 10,6 миллиард теңге қарастырылған. Ал мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз етуге 8,1 миллиард теңге бөлінеді. Сонымен қатар премьер-министрдің қызметін қамтамасыз етуге 3,4 миллиард теңге жұмсалмақшы. Одан бөлек, Тұңғыш Президент — Елбасының кеңсесіне де қаржы қарасылған. Кеңсе жұмысына 2,6 миллиард теңге бөлінсе, Елбасының қызметін қамтамасыз етудің өзіне 1,2 миллиард теңге жоспарланған. Бұл 2,5 миллион доллар. Тұңғыш Президент кітапханасының жұмысына бөлінетін 1,3 миллиард теңге тағы бар.

Сондай-ақ бірнеше министрлік пен Жоғары сот секілді өзге де мемлекеттік органдарға жұмсалатын шығындар көрсетілген. Құжаттың толық нұсқасын "Ашық НҚА" порталынан көруге болады. Қоғамдық талқылау 21 сәуірге дейін жалғасады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров