"Тайыз біздің қалтамыз, Жаяулап үйге қайтамыз". Тұрғын батпақ жолға өлең шығарды

Кәмшат ҚОПАЕВА

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде балшыққа иленіп жатқан жолдың бейнежазбасы тарады. Тұрғын жолдың жайын өлеңмен жеткізіпті.

Бұл туралы видео Instagram парақшаларында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазбада асфальты жоқ ұзын жолдың бойы балшыққа иленіп жатыр. Батпаққа батып қалған көлік жолдың ортасында тұр.

Тайыз біздің қалтамыз,

Жаяулап үйге қайтамыз.

Асфальтқа ақша жоқ дейді,

Кімге шағым айтамыз.

Тоқаев мырза келсе екен,

Осы жолмен жүрсе екен.

Сөз ұқпайтын әкімге,

Жақсылап тәртіп берсе екен,

— дейді тұрғын бейнежазбада.

Жолдың қай облысқа тиесілі екені белгісіз. Видео Ақтөбе өңірінің жаңалықтарын қамтитын Instagram парақшаларында жарияланған. Соған қарағанда Ақтөбе облысының аумағындағы жолдардың бірі болуы мүмкін. Себебі өңірде жол проблемасы-өзекті.

Бұған дейін Экспресс К ақтөбеліктердің шұрық-тесік жолдың жайын өлеңмен жеткізгенін жазған еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров