Шоу-бизнес

Айгүл Елшібаева мен Наркенже Серікбаева қырғыздарды мойындатты

Ержан ШАЙЖАН

Видеоадн кадр

Дәстүрлі әншілер Айгүл мен Наркенже қырғыздың халық әні "Жылқышыны" нақышына келтіріп орындады. Дуэттің сәтті шыққанына ғаламторда риза болып, сәттілік тілеп жатқандар көп.

Бейнежазбаны Айгүл Елшібаева өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Қос әншінің домбыраны қағып тұрып "Жылқышыны" қырғыз тілінде ғажап орындағаны ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Дастархан басында отырған қонақтар да шабыттана жырлаған Айгүл мен Наркенжеге қиқу салып, қошемет көрсетуде.

Отырыстың қайда болғаны, бейнежазбаның қашан түсірілгені әзірге белгісіз. Әншілерге пікір қалдырғандардың арасында қырғыздар да баршылық.

"Керемет ән екен, қазақтың ару қыздары аман болыңдар", "Міне нағыз талант, шын жүйрік өрге салсаң өршеленер деген осы, аман болсын", "Айгүлдің домбыра шертісі керемет", "Ууууй керемет!!! Азаматсыздааар! Бар болундар! Таазия журогум менен угуп эс алдым", "Бұл өлеңнің қазақша нұсқасы бар, қырғызша емес, соны айтса ғой", — деп жазды желі қолданушылары.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров