Newscorr

Newscorr: БҚО-да ауыл балалары да тасыған өзенге бөгет орнатуға атсалысып жатыр

Экспресс К

Видеодан кадр

Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданының тұрғындары Шыңғырлау өзенінің тасуына байланысты құм толы қапшықтарды тосқауыл ретінде қойып жатыр. Оларға кішкентай балалар да қолғабыс етуде.

Newscorr қолданушысы Экспресс К редакциясына өзен суының көтеріліп жатқан сәтінен бейнежазба жолдады. Онда ауданға қарасты Пугачев ауылының үлкендері мен кішкентай балалары өзенге бөгет қойып жатыр.

Көктемде қардың еруінен тоғанға 300 метр қашықтықта орналасқан ауылды су басуынан сақтау үшін кешенді жұмыстарды атқаруға тұрғындар жұмылған. Осы орайда кішкентай балалардың әрекеті көпшілікті сүйсіндіріп отыр.

Аудан орталығынан 8 шақырым жерде орналасқан Пугачев ауылында 2 мыңнан астам тұрғын бар. Олар жыл сайын көктемде өзен суына қарсы тоқтауыл жұмыстарын өз еріктерімен атқарып жүр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров