Кәсіпкер

"Жөні дұрыс маман жоқ!" Қазақстанда кәсібін ашқан ресейлік ел ашуына тиді

Олжас НҰРЖАҚЫП

instagram.com/alexanderorlovbulldozer

Әлемнің бірнеше елінде бизнесін жүргізіп отырған Ресей кәсіпкері Александр Орлов кадр мәселесіне байланысты ойын жазамын деп сынға қалды.

Ол іс бастаймын деген адам мұнда жөні дұрыс маманды өзге елден алып келген дұрыс дегенді алға тартқан, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлемнің бірқатар елінде жүзден аса мейрамхана ашып үлгерген Александр Орлов өзінің Тelegram-дағы арнасында ел ашуына тиетін сөз жазды. Қазақстанның өзінде оның бірнеше рестораны бар. Содан да болар "Орта Азияда жөні дұрыс маман жоқ" дегенді сеніммен айтқан.

"Орта Азияда жөні дұрыс маман жоқ. Мұнда кәсіп бастаймын десеңіз кадр мәселесін өзге елден алдыру арқылы шешіңіз. Мен үшін тез шешім қабылдау, жылдамдық, сергектік маңызды. Мамандарымның көздері жанып тұрса деймін. Бірақ өз жұмысымды бастағанда өте қиын болды. Сондықтан бұл өңірден бизнес бастаймын десеңіздер өзге мемлекеттердегі білікті мамандарды шақыруға кеңес беремін. Қазір Қазақстанға сырттан адам алдыру өте оңай", деп жазған Александр.

Десе де оның бұл жазбасына қазақстандықтар қатты ашулы.

"Қазақстанда кәсібіңді аштың ба, онда елге деген сыйластығың дұрыс болсын". "Сөзіңізден шовинистік леп есіп тұр". "Бизнестеріңізді ашып жазыңыз, алдағы уақытта біз сол жерден айналып өтеміз". "Егер мықты мамандар болмаса неге кәсіп ашуға келдің",

— деген жауаптарын жазды оқырмандар.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров