Су тасқыны

Тасқын судың ортасынан мысықты аман алып шыққан құтқарушылар жұртты сүйсінтті

Кәмшат ҚОПАЕВА

Видеодан кадр

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Екпетал ауылында тасыған судың ортасында қалған мысықты құтқарушылар аман алып қалды.

Бұл көріністі құтқарушылар видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазба облыстық төтенше жағдайлар департаментінің instagram- дағы парақшасында жарияланды. Қайыққа мінген құтқарушылар судың ортасында тұрған талдарға қарай жылжиды. Осы кезде жігіттің бірі талға жақындап, бұтақтың қуысында отырған мысықты алып шығады. Мысық талдың басында ұзақ уақыт отырып қалған. Суықтап қалған үй жануары иесіне табысталды.

Әлеуметтік желі қолданушылары мысықты аман алып қалған құтқарушылардың іс-әрекетіне сүйсініп, алғыстарын жаудырды. Бірі "Жарайсыңдар жігіттер. Нағыз азаматқа тән іс" десе, енді бірі "Жылқыларды да құтқарып қалған" деп төтенше жағдай департаментінің мамандарына ризашылығын білдірген.

Қазір аталған ауданындағы Ойыл өзенінің деңгейі көтерілді. Екпетал ауылын су басу қаупі туындаған соң, тұрғындар Ойыл ауылына көшірілді. Қазіргі уақытта ауданда төтернше жағдайлар департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр.

"Экспресс К" порталының жаңалықтарын Aitu арнасынан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров