Ырым

"Бұл тағы қандай ырым?" Жас келіннің бетіне май жаққан әжейді ел қызу талқылады

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Видеоадн кадр

Босаға аттаған жас келіннің бетіне сұйық май жаққан әжей көпті таң қалдырды.

Көпшілік бұл қандай ырым деп түсінбей дал болды, деп хабарлайды Экспресс К.

ТікТок-та пайда болған видео көптің қызу талқысына түсті. Онда қазақтың ұлттық киімін киген жас келіннің босаға аттаған сәтін көруге болады. Қолына таба ұстаған әжей келіннің бетіне сұйық майды жағады. Кейін өзге ақ жаулықты аналар жаңа келіннің маңдайынан сүйіп, баталарын береді.

Бұл желідегілердің пікірін екіге бөлді. Бірі қазақта отқа май құю деген рәсімнің болғанын, ал майды бетке жағу болмағанын алға тартты. Енді бірі бастысы екі жас бақытты болсын деген тілектерін жаудырды.

"Отқа май құю деген болушы еді. Оны екі жастың махаббаты оттай ыстық болсын деген ырыммен жасайтын", "Бетке май жағу дегенді бірінші рет көріп тұрмын. Бұл қандай ырым тағы?", "Апа келіннің бетін әбден майлады-ау... Бұл не болды екен?", "Мұндай да ырым бар ма?", "Бұл қай өңірде жасалынады екен?", "Бастысы, қызымыз бақытты болсын", "Басқан қадамы құтты болсын", "Сұлу келін екен. Күйеуімен бақытты болсын" деп жазды желі қолданушылары.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров