Шоу-бизнес

Екі рет ажырасқан Бақыт Шадаева үшіншісінің сотталып кеткенін айтты

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/bakhyt_shadayeva

Танымал әнші Бақыт Шадаева жеке өміріне қатысты ішкі жан сырын ақтарды.

Әншінің екі некесі де сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Шадаеваның айтуынша, бірінші күйеуімен ажырасуындағы бірден-бір себеп — қызғаныш.

instagram.com/bakhyt_shadayevainstagram.com/bakhyt_shadayeva
instagram.com/bakhyt_shadayeva

Бірінші күйеуім мен сияқты өнер адамы болды. Екеуміз бір-бірімізді түсінбедік. Ол балет актері болып жұмыс істеді. Дәл сол сәтте менің жұлдызым жарқырып тұрған еді. Ол мені қатты қызғанатын. Өнерімді қолдамады. Сол себепті ажырастым,

— дейді Бақыт Шадаева.

Ал екінші некесінің сәтсіз аяқталуына күйеуінің жиі қол көтеруі себеп болған. Осылайша онымен де дәм-тұзы жараспаған. Әнші араға бірнеше жыл салып үшінші рет күйеуге шығады. Бірақ Бақыт ол жігітпен азаматтық некеде тұрған. Кәсіпкер жігіт әншінің барлық арман-тілегін орындаған көрінеді.

instagram.com/bakhyt_shadayevainstagram.com/bakhyt_shadayeva
instagram.com/bakhyt_shadayeva

"Бірақ ол жігітке тұрмысқа шықпадым. Азаматтық некеде тұрдық. Екеуміз шетелге жиі шығып жүретінбіз. Екі ай АҚШ-та тұрдық. Сол кезде аяғым ауыр болып қалды. Мен қатты қуандым. Өйткені үлкен қызым 17 жаста болатын. Бірақ сол арада Алматыға келгенде оның проблемалары көбейді. Алаяқтық жасағыны үшін сотталып кетті", — дейді әнші.

Қазір басы бос әншінің қыр соңынан жас жігіттер қалмай жүр екен.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров