Түркістан облысында әйелімен ұрысып қалған ер кісі үйін өртеп жіберді


© iStock
Оқиға Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында болған.
Полицейлер үйді өртеу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеді, деп хабарлайды Экспресс К.
Аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне хабарласқан жергілікті тұрғын тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Әйел 4 бөлмелі үйін күйеуінің қасақана өртеп жібергенін айтқан. Үй ішінде тұрмыстық заттармен қоса, алтын бұйымдар болған. Жәбірленушіге келтірілген шығын — 3 миллион теңге.


"Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлімімен (Қасақана өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру) тіркелді. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде",—деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.
Оқи отырыңыз:
Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар арасында келіспеушілік туындаған. Түсініспеушіліктің арты дауға ұласып, ашуға бой алдырған күйеуі үйді өртеп жіберген. Бұл кезде ер кісі мас болған екен.
Экспресс К бұған дейін Түркістан облысында зейнеткер көршісін өртеп жіберген тұрғын туралы жазды.
"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу