Жол апаты
Әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен оқушы апатқа ұшырады


Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ақтөбе облысы Темір ауданында 9-сынып оқушысы әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, сыныптасымен бірге қыдырған.
Алайда көңіл көтерудің соңы келеңсіз жағдайға ұласты, деп хабарлайды Экспресс К.
Оқиға осы ауданның "Кеңқияқ-Саркөл" автожолының бойында болды. "Лада 219110" автокөлігін тізгіндеген бала Кеңкияқ ауылынан шығып, Саркөлді бетке алады. Тас жолдың бір шақырымын жүріп өткен кезде рөлді игере алмай, сол жаққа қарай аударылды.


Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз:


Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Апаттың салдарынан 15 жастағы жүргізуші мен жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
"Экспресс К" порталының жаңалықтарын Aitu арнасынан да оқи аласыздар.
Бөлісу