Сарбаз
Қызылордада жетімдер үйі қаңтар оқиғасында көз жұмған сарбаздың атымен аталды


Жаппай тәртіпсіздік кезінде бұзақылардың қолынан қаза болған жауынгер Мадияр Қайсаровтың есімі "Атамекен" балалар ауылындағы үйлердің біріне берілді.
Білім басқармасындағылар басты мақсатымыз елін қорғаймын деп опат болған ердің есімін балаларға үлгі ету дейді, деп хабарлайды Экспресс К.


Небәрі 19 жасында қаза тапқан Мадиярдың есімін беру шарасына сарбаздың ата-анасы да қатысқан.


Оқи отырыңыз:


Айта кетейік, Ұлттық ұлан қатарында борышын өтеген Мадияр Қайсаровты Қызылордада болған жаппай тәртіпсіздік кезінде бұзақылар КАМАЗ-бен басып кеткен. Сондай-ақ Экспресс К бұл іске күдіктілердің қолға түскенін жариялаған.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.
Бөлісу