Соғыс

Украинада автомат асынғандар "Адай" жазулы ту ұстап жүр

Ержан ШАЙЖАН

Оңғар Қабден/facebook

Украинадағы соғыста туларына Бекет деп жазған әскерилердің фотолары пайда болды. Білектеріне ақ белгі байлағандардың бірі қолына қамшы ұстаған.

Ал ақ құс бейнеленген қара туға "Ұран — Бекет, Қосқұлақ адай" — деп жазылыпты, деп хабарлайды Экспресс К.

Қолдарына автомат ұстаған әскерилердің фотосын журналист Оңғар Қабден өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады. Онда бірнеше әскери киім киген ер адамды байқауға болады.

Олар Қосқұлақ Адай деп жазылған туды көтеріп тұр. Өздерін адаймыз дегендердің нақты қайда, кім үшін соғысып жатқандары әзірге белгісіз. Суреттің де қашан, қайда түсірілгені, әскерилердің кім екені туралы нақты ақпарат жоқ.

"Қазақтарға ұқсамайды. Біздің қазақтар болса, елге келгесін сотталады", "Кәдімгі батыстың адайлары ма?", "Қосқұлақтар Украинада жүр))", "Астраханның жігіті екен. Адайлар емес, жалғыз қазақ қой. Руын ұрандатып адай деп ту ұстап түскен фотосын көрдім", "Бұл соғыста Украина көк, сары белгімен, Ресей ақ, қызыл белгімен соғысып жатыр", — деп түрлі пікір жазды желі қолданушылары.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров