"Менікі дұрыс". Теміржолда апатқа ұшыраған көлік иесі машинисті айыптады


Видеодан кадр
Әлеуметтік желіде теміржолда болған апат қызу талқыланып жатыр. Жаңаөзеннен Ақтау қаласына қарай шығатын жолда тепловоз бен жеңіл автокөлік соқтығысып қалған.
Салдарынан аталған бағыттағы қозғалыс бірнеше сағатқа тоқтатылыпты, деп хабарлайды Экспресс К
Күре жолдағы кептеліске жеңіл автокөлік жүргізушісінің әрекеті себеп болыпты. Ол апатқа пойыз кінәлі деп мәлімдеп, оқиға орнына жол сақшыларын шақыртқан. Полиция келіп, тиісті жұмыстарын жүргізіп біткенше ондаған автокөліктің иесі амалсыздан күтуге мәжбүр болды.
Жеңіл көліктегі жас жігіт екен. Тепловоздың жүргізушісін кінәлап тұр. Дұрыс жүрмеді, сигнал бермеді деп. Менікі дұрыс дегеннен қайтпай тұр. Енді тұрмыз, полиция бәрін сызып біткенше ,
Абырой болғанда бұл оқиғада адамдар зардап шекпеген. Апатқа нақты кім кінәлі екендігін енді тәртіп сақшылары анықтайды.
Оқи отырыңыз:
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу