Ерлі-зайыптылар

Қапшағайда ерлі-зайыптылар асылып қалды

Олжас НҰРЖАҚЫП

Pixabay

Алматы облысы, Қапшағайдағы жанармай құю станцияларының маңында ерлі-зайыпты екі адамның өлі денесі табылды.

Олар асылып қалған, деп хабарлайды Экспресс К.

Таңғы мезгілде полиция басқармасына адам өлімі жайлы ақпар түскен. Оқиға орнына бірден барған сәтте екі адамның асылып қалғаны белгілі болды. Анықтау барысында 22 жастағы жігіт пен 18 жасар қыздың Қапшағай қаласындағы жанармай бекеттерінің біріне жақын маңда көз жұмғаны нақтыланды.

Ерлі-зайыптылардың мәйіттерін тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Соған қарағанда олар өздеріне қол жұмсаған болуы мүмкін деген болжам бар. Қазіргі дерек бойынша барлық мән-жай анықталып жатыр,

— деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, полицияда түпкілікті шешім сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша қабылданатынын, әрі тергеу мүддесі үшін толық ақпарат жарияланбайтын айтты.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров