Шоу-бизнес

Балалардың дамуына бөлінген 11 млн теңге Қабатов пен "Ninety one"-ға жұмсалған

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/ninetyone

Ақтөбе облыстық білім беру басқармасы балалардың білімі мен дамуына бөлінген ақшаның 11 миллион теңгесін танымал жұлдыздарға жұмсаған.

Оның 6 миллион теңгесі танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа, ал 5 миллионы "Ninety one" тобының қаламақысына кеткен, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы Время газеті жазды.

Білім беру басқармасының экс-басшысы Ләззат Оразбаева 2019 жылдың 10 қазанында "Ел үміті" атты жастарға арналған фестиваль ұйымдастырған. Оған 22 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл фестивальге білім беру басқармасы еліміздегі ең танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты шақырған. Әзілкешке 6 миллион теңге қаламақы төлегені белгілі болды. Ал оның екі бірдей әріптесіне 960 мың теңге, әнші Қайрат Баекенов пен Гүлсім Мырзабековаға 840 мың теңге берген.

instagram.com/kabatov_tursinbek_resmiinstagram.com/kabatov_tursinbek_resmi
instagram.com/kabatov_tursinbek_resmi

Бұдан бөлек ұйымдастырушылар жастар арасында танымал әнші Раим мен Артурға 1,5 миллион теңге, ал атышулы "Ninety One" тобына ән салғаны үшін 5 миллион теңге қаламақы төлеген.

instagraminstagram
instagram

Қазір Ақтөбе облыстық ауданаралық мамандандырылған сотында облыстық білім беру басқармасына қатысты іс қаралып жатыр.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров