Newscorr

Newscorr: Маңғыстау облысында елуден асқан ер адам көлікте өртеніп кетті

Есен ҮРКІМБАЙ

© Newscorr

Маңғыстау облысында көлік өртеніп, ішінде адам жанып кетті. Қайғылы оқиғаның қалай болғаны белгісіз.

Newscorr қолданушысы Экспресс К редакциясына Бейнеу ауданында қаңқасы ғана қалған көліктің суретін жолдады. Оқиға 6 сәуір күні таңертең болып, өрт сөндіршіулер келгенше көлік тұтас жанып кеткен.

Бұл оқиғаның Бейнеуде болғанын аудан әкімінің баспасөз қызметі растады. Нұрлан Өсербаевтың айтуынша, қазір оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті тілсіз жауды өшіруге бірден өрт сөндіру қызметі аттанғанын хабарлады.

"6 сәуір күні Бейнеу ауданының Тұрмағанбет көшесінде жекеменшік үйдің алдында 11:45 кезінде 2018 жылы шыққан "Lada Granta" көлік отқа оранды. Өрт 11:59 кезінде толық сөндірілді. Өкінішке қарай, оқиға орнында 1968 жылы туған адамның өртенген мәйіті табылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр", — деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Қожабекова.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров