Тоқтар Төлешов

"Сыра патшасы" Төлешовтің мүліктері өзіне қайтарылды

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Тоқтар Төлешов

Шымкентте Еңбекші ауданының прокуроры мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен 21 жылға сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің мүлкін қайтару туралы талап арыз түсірген.

Қалалық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасында "сыра патшасының" бұрынғы серіктестеріне қарсы түсірген арызын қарау ісі аяқталды, деп хабарлайды Экспресс К.

Прокурордың Тоқтар Төлешовтің меншігіндегі мүлікке мұнша алаңдауы тегін емес. Сот материалдарына сәйкес, 21 жылға сотталған Тоқтар Төлешовтің үкімі негізінде сот орындаушы олигархтан мемлекет есебіне 1 368 587 455 теңге өндіріп алуы керек болған. Алайда сот орындаушы бұл соманы тәркілеуде бірқатар қиындыққа тап болған.

Прокурордың талап-арызында 99,99962% акциясы Тоқтар Төлешовке тиесілі "Дархан Групп" ЖШС активтерінің айтарлықтай бөлігін Төлешовтің серіктестері мекеме балансынан алып тастағаны айтылған. Ол кезде олигарх жазасын өтеп отырғандықтан, компания серіктестері мұны сенімхат негізінде іске асырыпты.

©ЭК/Ирина ГАЛУШКО©ЭК/Ирина ГАЛУШКО
©ЭК/Ирина ГАЛУШКО

Осыған байланысты прокурор Шымкенттегі "Арман" балабақшасы мен Сарыағаш ауданындағы қосалқы құрылыстары бар жер телімін беру туралы хаттаманы заңсыз деп тануды талап еткен.

Айта кетсек, 2020 жылы абақтыда жазасын өтеп отырған Тоқтар Төлешовтің өзі серіктестеріне қарсы азаматтық талап арызбен іс қозғатқан болатын. Алайда ол кезде олигархтың талабы қанағаттандырылған жоқ. Былтыр күзде Жоғарғы сот жергілікті соттың шешімін бұзып, істі қайта қарауға жіберген.

Белгілі болғандай, азаматтық істер жөніндегі сот алқасында қаралған іс бойынша, прокурор жоғарыда атап өткен мүліктерді "сыра патшасына" қайтаруды сұраған. Осының негізінде мүліктер кейін сот орындаушылар арқылы мемлекет пайдасына тәркіленбек.

"Прокурордың жиналыс хаттамасын және мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Жиналыс хаттамалары жарамсыз деп танылды. Атап айтқанда, "Дархан Групп" ЖШС меншігіне екі гектардан астам жер учаскесі бар нысандар қайтарылды. Ал "Арман" балабақшасы қазіргі иесі М.Сапарбаев институтында қалдырылды", — делінген сот Жарлығында.

Айта кетейік, сот қаулысы жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді. Егер тараптар бұл қаулымен келіспесе, алты ай шінде Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсіруге құқылы.

Еске салсақ, "Шымкентсыра" зауытының иесі Тоқтар Төлешов 2016 жылдың қарашасында "билікті күшпен басып алмақ болды", "жер реформасына қатысты митингілерді қаржыландырды" және осы сияқты Қылмыстық кодекстің тағы бірнеше бабымен кінәлі деп танылып, 21 жылға сотталған.

"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров