Шоу-бизнес

АҚШ қазақтарын лақтырып кеткен Мейрамбек пен Ғазизхан Түркияда демалып жүр

Ержан ШАЙЖАН

instagram.com/m_besbaev/instagram.com/gazizkhan

Танымал әншілер Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан Шекербек АҚШ-та тұратын қазақтарды алдап, өздері Түркияда демалып жүр. Қос әнші 3 сәуірде Орландо қаласында жоспарланған концерттеріне келмей қойған болатын.

Мейрамбек те, Ғазизхан да не үшін концертке келмегендерін әлі түсіндірген жоқ, деп хабарлайды Экспресс К.

Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан Шекербек Стамбулдағы фотоларын өздерінің Instagram-дағы парақшаларында жариялады. Бұған дейін қос әнші Орландо қаласында концерт беруі керек болған. Алайда, олар сондағы көрермендерін алдап кетті.

instagram.com/m_besbaevinstagram.com/m_besbaev
instagram.com/m_besbaev
instagram.com/gazizkhaninstagram.com/gazizkhan
instagram.com/gazizkhan

Бұл туралы ғаламторда жазып, әншілерге сұрақ қойып жатқандар көп. Концерттің неліктен үзілгені әзірге белгісіз. Бұған қатысты Мейрамбек те, Ғазизхан да түсініктеме берген жоқ.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров