Түркістандықтар жарапазан айтудан жарысты


otyrar
Түркістан облысында жарапазаншылар бас қосып, өзара мықтыны анықтады.
Байқауға өңірдің 14 қала, ауданынан келген өнерпаздар қатысты, деп хабарлайды Экспресс К.
Қасиетті Рамазан айына орай ұйымдастырылған шара Түлкібас ауданында өтті. Байқау ұйымдастырушылары көнеден келе жатқан жарапазан дәстүрін кеңінен насихаттау мақсатымыз болды деп отыр.
Жарапазан дәстүріне сай өнерпаздар жиналған жұртқа ақ баталарын беріп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Оқи отырыңыз:
Дәстүрді жаңғырту шарасы өте тартысты өтті. Әділ-қазылардың шешімімен бас жүлде жергілікті өнерпаздардан құралған "Арша" тобына бұйырды. Ал жүлделі I-орынды Төлеби ауданынан келген "Төлеби сазы" фольклорлық ансамблі, II-орынды Отырар ауданынан келген "Отырар" триосы иеленсе, III-орын Келес ауданының өнерпаздарына табысталды. Байқау жеңімпаздары мен жүлделі орын иегерлеріне қаржылай сыйлықтар табысталды.
Экспресс К бұған дейін базар шінде жарапазан айтып, жұртты сүйсіндірген жігіттер туралы жазды.
"Экспресс К" жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу