ЖЭО

Петропавлда жылу-электр орталығындағы мұржаның не себепті құлағаны белгілі болды

Экспресс К

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Петропавлдағы ЖЭО-дағы апатқа құбыр бетінде қышқылдың жиналуы себеп болуы мүмкін.

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Энергетика министрлігі тағайындаған Технологиялық бұзушылықты тексеру жөніндегі комиссияның алдын ала мәліметіне сәйкес, ЖЭО-дағы төтенше жағдайға бу қазандықтарының істен шығуы себеп болды.

Мұржа бойымен шығатын газ температурасының төмендеуі "шық нүктесінің" шығуына және конденсат қазандықтан шыққан басқа газ қоспаларымен (күкірт SO2) қышқыл түзе отырып, мұржаның ішкі бетінде су конденсатының пайда болуына әкелуі мүмкін еді,

— делінген хабарламада.

Қышқылдың әсер етуі бетонның және түтін мұржасы негізінің мерзімінен бұрын бұзылуына әкеп соқты.

№1 түтін мұржасының техникалық жағдайын анықтау үшін және қазандықтардың пайдалану режимдерін, оның ішінде шығатын газдың температураларының сақталуын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.

Комиссия технологиялық бұзушылықты тексеру жұмыстарын әлі де жалғастырып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров