Жол апаты
Ақтөбе облысында жол апатынан көлік өртеніп жүргізуші көз жұмды


Ақтөбе облысы ПД-нің баспасөз қызметі
8 сәуір күні Әйтеке би ауданы Қияқты кентінің жанындағы "Самара-Шымкент" бағытындағы тас жолда көлік апаты болды.
Бұл туралы Ақтөбе облысы ПД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.
38 жастағы "Газель" автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруындағы "DAF" жүк автокөлігімен соқтығысты.


Ақтөбе облысы ПД-нің баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз:
Қатты соққы салдарынан "Газель" автокөлігі өртеніп, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. "DAF" жүк көлігінің жүргізушісі Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді,
Ақтөбе облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Бөлісу