Каспий теңізі тартылып жатыр

Экспресс К

Видеодан кадр

Каспий теңізіндегі су деңгейі жыл сайын төмендеп барады. Қазірдің өзінде теңіз 200 метрге дейін тартылды.

Теңіздің уақыт өте кішірейіп бара жатқанын көрсеткісі келген қазақстандық видеоблогер Каспийдің жағасында тұрып видео түсірді, деп хабарлайды Экспресс К. Бейнежазбаны өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев квадракоптер арқылы Каспий теңізінің қаншалықты тартылғанын көрсетті.

Әлі есімде, бала кезімде жағалаудан 10 қадам алшақ жүзуге қорқатын едік. Ал қазір тасты жермен 200 метрге дейін жаяу жүруге болады,

— деп жазды Азамат.

Сондай-ақ, ол жағдайдың жыл сайын ушығып бара жатқанын айтты.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров