Newscorr

Алматы облысында көпқабатты тұрғын үй өртке оранды

Экспресс К

Видеодан кадр

Кешкі уақытта Қарасай ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты.

Бейнежазба Экспресс К порталының Newscorr қызметіне келіп түсті.

Видеодан будақтаған көк түтін мен тілсіз жаумен күресіп жатқан өрт сөндірушілерді көруге болады. Өрт ғимараттың шатырынан шыққан көрінеді.

Бейнежазба авторы өртеніп жатқан тұрғын үй Іргелі ауылында, "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің маңында орналасқанын айтады.

Өрт көпқабатты үйдің шатырынан шыққан көрінеді. Оқиға орнына бір топ адам мен құтқарушылар тобы жиналды.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров