Кино өнері

Уилл Смиттке 10 жылға дейін "Оскарды" тапсыру рәсіміне қатысуға тыйым салынды

Экспресс К

©AP/Evan AGOSTINI

АҚШ киноакадемиясы алдағы 10 жыл бойы Уилл Смитке өзінің іс-шараларына оның ішінде "Оскар" салтанатына қатысуға тыйым салды.

Бұл туралы кәсіби қауымдастықтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгін Киноакадемияның кеңесі 2022 жылдың 8 сәуірінен бастап 10 жыл бойы Смит мырзаға Киноакадемияның барлық іс-шаралары мен бағдарламаларына қатысуға тыйым салу туралы шешім қабылдады,

— делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Оскар" сыйлығын тапсыру рәсімінде Уилл Смитт әйелі туралы әзілдеген жүргізушіні жұдырықпен бір ұрды. Ол актердің алопециямен ауыратын әйелі Джада Пинкетт-Смиттің шашы туралы әзілдеген болатын.

"Экспресс К" порталының жаңалықтарын Aitu арнасынан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров