Азық-түлік

БҰҰ: "Азық-түлік бағасы күрт өсті"

Экспресс К

© ЭК

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы наурызда бүкіл әлемде азық-түлік бағасының айтарлықтай өскенін мәлімдеді.

Бұл туралы Интерфакс агенттігі жазды, деп хабарлайды Экспресс К.

Дүниежүзінде азық-түлік қымбаттап, баға рекордтық көрсеткішке жетті,

— делінген хабарламада.

Атап айтқанда, жарма бағасының өсу көрсеткіші ақпанмен салыстырғанда наурызда 17,1% -ға өсті. Оған бидай мен барлық ірі дәнді дақылдар бағасының қымбаттауы себеп болып отыр.

Сондай-ақ, күнбағыс майы, қант, ет пен сүт өнімдерінің де бағасы шарықтады.

Сарапшылардың айтуынша, бұған бірден бір себеп Украинадағы соғыс. Қымбатшылық зардабы дамыған мемлекеттерде де сезілмек.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров